ЖРВЖ және тұмаудың алдын алу
Тұмау — ауыр вирустық инфекция, адамдарға жынысы мен жасына қарамай жұғады. Бұл жіті ауру, уыты денеге тез тарайды, ринит сияқты қабынады, мұрын бітеліп, жөтелуден бронх зақымданады.
Жіті респираторлық аурулардың ең ауыр түрі – тұмау. Дегенмен оның жеңіл және ауыр түрі болады. Басқа ЖРВЖ және ЖРА түрлерінен тұмауды ажырату мүмкін емес.
Тұмаудан қандай қауіп төнеді?
Вирус екі-үш күн іште байқатпай көбейеді. Әбден көбейіп, күш жинап алып, өз белгілерінен хабар бере бастайды. Сөйтіп жедел клиникалық белгілер кезеңі басталады. Ауру бейнеті адамның жасына, ағзасының денсаулығына, сонымен қатар, тұмаудың бұл түрімен бұрын ауырған, ауырмағанына байланысты болады. Симптомдары іште болып жатқан құбылыспен тікелей байланысты. Біріншіден, вирус өзінің өнімдерімен организмді улайды, сондықтан адам әлсіздікті сезінеді, бұлшықеттері мен буындары сырқырап, басы ауырады. Екіншіден, вируспен күресу үшін дене қызуы көтеріледі, ең ауыр жағдайда 39-40С дейін жетеді. Үшіншіден, тыныс алу жүйесінің зақымдануы салдарынан жөтел пайда болып, мұрыннан су ағады.