Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бүкіләлемдік балалар күні

on .

БҰҰ Бас Ассамбеясының мұрындық болуымен жер шарының түкпір-түкпірінде 65 жыл қатарынан Бүкіләлемдік балалар күні аталып өтуде.

2000 жылы мыңжылдық декларациясына қол қойылған болатын. Декларацияда сегіз мақсат болса, олардың алтауы балалардың мұқтажына арналған. Олардың қатарында кедейлік деңгейін азайту, АИВ/ЖИТС таралуын тоқтату, жалпыға бірдей бастапқы білім беру. 

Антисанитарлық жағдайда баланың денсаулығы да дұрыс болмасы анық, ал ойын ойнауға арналған жерлер қауіпсіз болмаса, бүлдіршіннің ойнау құқығы да жүзеге асырылмайды.

Мемлекет кәмелетке толмаған жастардың денсаулығын қорғау қажет, сондықтан 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдік санатына кіреді және МӘМС жүйесінде стоматологиялық көмек пен жыл сайынғы егуді қоса алғанда барлық қызметтерді тегін алады. Балаларда сирек кездесетін ауруларды емдеу үшін тегін дәрілердің көлемі екі есе ұлғайтылды.

Бүгін осы өскелең ұрпақтың саулығын басты назарда ұстап, асқан мейіріммен және сүйіспеншілікпен қарайтын жандарды құттықтаймыз. Бұл күн жүректеріңізде тек жағымды естеліктер қалдырсын! 

17 қараша күні бүкіл әлемде шала туған бала күні атап өтіледі

on .

Бағалау қорытындысы бойынша, 15 миллион бала жыл сайын ерте туады. Бұл әрбір оныншы бала. Уақытына жетпей ерте босанумен байланысты асқынулар салдарынан шамамен бір миллион бала жыл сайын шетінейді.

Шала туған балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді, алайда мерзімінен бұрын туылу – үкім емес. 17 қараша күні бүкіл әлемде шала туған бала күні атап өтіледі.

Осы күні біз кішкентай пациент туралы айтқымыз келеді.

17 қараша күні бүкіл әлемде шала туған балалар күнін атап өтеді

on .

Олар осы әлемді көргісі келеді, анасының қамқор және нәзік қолдарына барғысы келіп, анасының жатырында жатуы тиіс 40 аптаны күтпей, жарық дүниеге асығады. 

17 қараша күні бүкіл әлемде шала туған балалар күнін атап өтеді. 

Шала туған балалар күнін құру идеясы қоғамда орын алып отырған мәселе туралы, дәрігерлер мен шала туған балалары бар отбасыларда кездесетін өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туралы көпшілік алдында және кеңінен мәлімдеу, оларға қолдау мен түсіністікті табуға көмектесу мүмкіндігін тудырды. Өйткені шала туылу – әл-ауқаты мен даму деңгейіне қарамастан отбасы мен қоғам тап болатын проблема.

01.png02.png03.png04.png05.png06.png