Қызметтері
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, елордалық балаларға төмендегідей қызмет көрсетеді:
- Ультрадыбыстық диагностика кабинеті: бас миын зерттеу, кеуде қуысы мүшелерін, несеп-жыныстық жүйесін, қалқанша безді, сүйек-буын жүйесін зерттеу.
- Рентген кабинет: кеуде, бассүйек, мұрынның қосалқы қуыстары, сүйек-буын жүйесі рентгенографиясы
- Функционалдық диагностика кабинеті: ЭКГ (электрокардиограмма), ЭЭГ (электроэнцефалограмма)
- Зертханалық диагностика: қан талдауы (гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер, ЭТЖ, қан сегменттері); несеп талдауы (жалпы); биохимиялық талдау (АЛТ, АСТ, креатинин, несепнәр, ақуыз, қан құрамындағы қант мөлшері, электролиттер)
- Физиотерапиялық кабинет: электрофорез, магнитотерапия, УФС және т.б.; емдік денешынықтыру элементтері бар уқалау кабинеті
- Емшаралық кабинет: егулер (күретамырішілік, бұлшықетішілік, теріасты егулері), күретамырішілік құюлар
- Мамандар кеңесі: невропатолог, неонатолог, педиатр, логопед