Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Медициналық мекеме жайлы

№1 қалалық балалар ауруханасы қаладағы ерте құрылған ауруханалардың бірі, бүгінгі күні емдеу үшін бір мезгілдежүзден аса балаларды қабылдауға қабілетті ең үздік аурухана. 

Бөлімшелерде жаңа туған балалар, уақытынан бұрын туған балалар және неврологиялық патологиясы бар балалар медициналық көмек алады. Аурухана «МУА» АҚ балалар аурулары кафедрасының клиникалық базасы. 

Астана қаласының №1 қалалық балаллар ауруханасы «Бала жүрегіне жақын аурухана» атағы мен БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры «Алтын тақтасының» иегері. Бұл атаққа аурухана емшек сүтімен қоректендіруді насихаттағаны үшін және бұл жұмыстың жоғары нәтижелері үшін иеленді.

Аурухана ұжымы ДДҰ/ЮНИСЕФ ЮНФПА ұсынған мынадай негізгі стратегия мен бағдарламаларды орындау үшін еңбек етеді: «Емшек сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және марапаттау», «Отбасын жоспарлау», «Балалар жасындағы ауруларды және тым жас балалардың дамуын бірлесе жүргізу», «Тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерін енгізу».

Педиатриялық бейіндегі бөлімшеде  емшек сүтімен қоректендіру бойынша  аналарды оқытуға арналған  денсаулық мектебі аптасына төрт рет  жұмыс істейді.  Емшек сүтімен қоректендіру бойынша «Жалынды желі»  жұмыс істейді.Тел. 317-538

«Бала құқығы туралы»  Қазақстан Республикасының 2002 жылғы8 тамыздағы  Заңымен, Қазақстан Републикасында 1994 жылғы 8 маусымда  ратификацияланған  және  БҰҰ   Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы»  конвенциясының 6 және 7 баптарына сәйкес ДДҰ ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне  аурухана ұжымы  2008 жылдан бастап өтті. 

Перинаталдық көмекті  жақсарту бойынша мониторинг жүргізу, бағалау және өткізілген іс-шараларға уақытында түзету енгізуге,  аталған міндеттерді   шешуге мүмкіндік  беретін  бірден-бір  шара  «BABIES» әдістемесі. 

Аурухана мына бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: 

  • ДЖБА енгізу; 
  • Денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай ұлттық жүйені енгізу; 
  • Жаңа туған баланы күту жөніндегі «Developmentae care» бағдарламасын енгізу; 
  • Жаңа туған балаларға көрсетілетін бастапқы реанимациялық көмекті жетілдіру; 
  • Емдеу мен нақтамалаудың клиникалық хаттамаларын қолдану (полипрогмазия элементтері мен тексеру әдістерін азайту). 

Біздің балаларымыздың денсаулығы үшін бүтіндей беріліп еңбек ететін барлық деңгейдегі мамандар - №1 қалалық балалар ауруханасының табысты еңбегінің кепілі.

сайт
01.png02.png03.png04.png05.png06.png