Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Балаларды оңалту емі. МӘМС және реабилитация.

on .

Жайнақбаев Тамерлан 2018 жылғы 5 желтоқсанда дүниеге келді. 

2018 жылдың ақпан айынан бастап әрбір 1,5-2 ай сайын «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК балалар неврологиясы бөлімшесінде «Дюшен Эрб сол қолдың сал ауруы» диагнозы бойынша реабилитациялық ем қабылдайды. Тамерланның анасы Альмира Тілеуғазықызы бізге өз тарихын айтып берді. 

Тамерлан 2018 жылғы 5 желтоқсанда туған,  босанғаннан кейін 4 күн реанимация бөлімінде, одан кейін тағы 10 күн жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бөлімінде болды, бұл 2 апта оларға өте ауыр тиді, алайда Тамерлан батырлығын байқатып, ауруханадан шығатын күн де келіп жетті. Содан кейін анасы (Альмира Тілеуғазықызы) ұлының қолы туралы алаңдады, сол қолы  мүлдем қимылдамады және пассивті болды. Тамерланды ата-анасы «Балаларды оңалту орталығына» алып келген кезде ол енді ғана 1 айға толған еді, онда оларға «Дюшен Эрб сол қолдың сал ауруы» диагнозын қойды. 1,5 ай жасында Темірлан алғаш рет «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының» неврология бөлімінде бөлімше меңгерушісі Жакашева Алина Сағынтайқызы, невролог дәрігері Казаченко Надежда Александровнаның басшылығымен оңалту емінен өтті. 

Альмира Тілеуғазықызы: «Ауруханаға алғаш рет барған кезде маған өте ұнады, Мен өзімді үйдегідей сезіндім. Бөлімше қызметкерлері өте мұқият, жауапты, әсіресе жұмыстарын атап өткім келеді және бөлімше меңгерушісі Жакашева Алина Сағынтайқызы, дәрігер Казаченко Надежда Алексанровнаға, бөлімшенің аға медбикесі Станкевич Алена Давыдовнаға, ЕДШ нұсқаушылары Мархаба Асқарқызына, Әскерге, Күміс және Әсел массажистерге, мейірбикелер Дариға, Нұргүл, Гүлнәр, Данагүл санитариялық қызметкерлерге тазалық пен жайлылық үшін рахмет айтқым келеді. Физиотерапия бөліміне рахмет! Мұқият қарым-қатынас үшін Роза Базарбайқызына алғыс. Медициналық қызметкерлер тек Тамерлан ғана емес, мені де қарайды, қысымды өлшейді, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді». 

- Тамерланға қандай процедуралар ұнайды? 

Альмира Тілеуғазықызы: «Массаж. Ол өте тыныш жатады, Күміс массажист оңалтудың барлық уақытында Тамерланның әрбір бұлшық етін зерделеді, оны «сезінеді», ал Тамерлан оған сенеді, сондықтан массаж кезінде жыламайды, тыныш жатады және ұлым тіпті рахат сезінеді. ЕДШ  ол кейбір құрал-саймандары бар жаттығуларды біледі». 

- Тамерлан денсаулығының жақсарғанын байқайсыз ба? 

Альмира Тілеугазықызы: «Біз барлық қажетті тексерулерден өткенде, Тамерлан невролгиялық сау, «Дюшен Эрб сол қолдың сал ауруы» диагнозына байланысты қолы енжар, ОЖЖ тарапынан патологиялар анықталмады. Біздің ауруды емдеу оңалту болып табылады. Жақсартулар 2018 жылы қыста алғашқы массаж және ЕДШ-дан кейін пайда болды. Қазір ол екі қолымен жұмыс істейді, бірақ оңалту емін жалғастыру керек, өйткені сол қолы әлі әлсіз. Менің ойымша, №1 балалар ауруханасының неврология бөлімшесі сияқты еш жерде жоқ, мұндай ұжымды басқа жерден табу мүмкін емес. Рақмет. 

МӘМС аясында 2020 жылдан бастап оңалту емінің шекарасы кеңейтіп, қол жетімді болды. Оңалту орталықтарын ашу керемет идея, себебі көптеген балалар қалпына келтіре емдеуді қажет етеді».

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

01.png02.png03.png04.png05.png06.png