Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.

Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.

Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.

Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.

Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады.

Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады.

Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Назар! Карантин!

Құрметті «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына» келушілер.

Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған,

«№1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының» әкімшілігі ауруханада карантин шараларын енгізу туралы ескертеді. Карантин кезінде емделушілерге келуге қатаң тыйым салынады.

Сіз бірінші қабатта аурухана қызметкерлері арқылы қандай да бір заттарды бере аласыз.

Түсінгеніңіз үшін алғыс айтамыз!

«Таңшолпан» телебағдарламасы

«Таңшолпан» телебағдарламасының түсіріліміне «№2 балалар аурулары» кафедрасының қызметкері, жоғары санатты педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абдрахманов Қуанғали Бапашұлы қатысты, ол «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК консультациялық көмек көрсетеді. Талқылау тақырыбы Д дәрумені болды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ісшара өтті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ісшара аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК емделушілеріне  сынып сағаттары өткізілді.

Тәрбиеші ұлы ақын,  ойшылдың өлеңдерін оқыды.

Аурухана холлдарындағы ЛЭД-экрандарда Абайдын қара сөздері айтылады.

01.png02.png03.png04.png05.png06.png