Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Басты

Қымбатты емделушілер мен олардың туысқандары!

Міндет

Балалар мен олардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынасқа негізделген тиісті адамгершілік қасиеттері бар білікті мамандардың уақытылы стационарлық көмек көрсету арқылы және диагностика мен емдеудің заманауи әдістері қолдана отырып балалар денсаулығын жақсарту.

Мақсат

Балалардың толыққанды өмірін қамтамасыз етуге жәрдем беретін спалы мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталған №1 қалалық балалар ауруханасында бар мүмкіндіктерді пайдаланудың тиімді жүйесі.

Құндылықтар

1. Пациенттерге бейімдеушілік- әр балаға көмектесуге деген шанайы ықылас және пациент пен ата-анасының үмітін ақтау.

2. Кәсібилік- пациенттің және ұжымның игілігі үшін жоғары жетістікке жету мақсатында терең білімін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін қолдану.

3. Көшбасшылық-қызметкерлердің таланты мен қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау. Әр қызметкердің қабілетін дамыта отырып, өз-өзіне сенімділігін орнатамыз дәне аурухананң дамуына үлесімізді қосамыз.

4. Корпоративтілік- өзара сенім мен құрмет қағидасына негізделген жоғары санатты мамандар командасы.

5. Ашықтық-адалдық пен тәртіптілік қағидасын ұстану, баланың әріптестердің және қоғамның алдында ашықтық және нақтылық.


Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік өткізіледі

2019 жылғы 15-24 қазан аралығында Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардар болу күні аясында Қазақстанда әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік өткізіледі!

 

Ал сіз сүт безі обырының алғашқы симптомдарын білесіз бе?

 

✔ Бір немесе екі кеуденің нығыздалуы,

 

✔ Сүт безі түрінің бұзылуы,

 

✔Жүктілік пен лактацияға байланысты емес бір немесе екі емізіктен патологиялық бөлінулер.

 

✔Бөліндінің түсі мен консистенциясы әр түрлі болуы мүмкін.

 

✔Емізік  жанындағы қабыршақтар, қабыршықтанып, одан кейін ұсақ жаралар, эрозиялар қалдырады.

 

✔Бездің тері қабаттарында қызыл және тіпті күлгін түсті дақтар.

 

Бүкіләлемдік қол жуу күні

БҰҰ балалар қоры 15 қазанды Бүкіләлемдік қол жуу күні (Global Handwashing Day) деп ресми жариялады. БҰҰ бас ассамблеясының жариялаған Санитария жылы шеңберінде 2008 жылы алғаш рет аталып өткен. Ол кезде әлем бойынша 70 астам елден 120 миллионнан астам балалар қолын жуған.
№1 қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері бұл күнді флешмобпен атап өтті. 

«Біздің ұжымның жұмысының барлық артықылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д.Кисикова бекіткен Денсаулық сақтау саласындағы жүйелі проблемаларды жою жөніндегі 2019 жылға арналған ісшаралар жоспары негізінде «Біздің ұжымның жұмысының барлық артықылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында семинар өткізілді. 

Конфликтолог және медиация жөніндегі тренер – Ш.И.Оразбаева сөз сөйледі.

Тұмаудың алдын алу ережелері!

Эпидемиологиялық маусым басталғанға дейін тұмауға қарсы екпе жасатыңыз. 

Адамдар көп жиналатын жерде бетперде киіңіз. 

Ауру белгілері бар, мысалы түшкіріп немесе жөтеліп тұрған адамдардың жанында ұзақ тұрмаңыз. 

Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе даладан кіргенде және қоғамдық көліктен шыққаннан кейін қолыңызды тазалап жуыңыз. 

Мұрын қуысын тазалап шайыңыз, әсіресе даладан кіргенде және қоғамдық көліктен шыққаннан кейін мұрныңызды жуыңыз. 

Өзіңіз отырған орынжайды жиі-жиі желдетіңіз.  

Өзіңіз отырған орынжайдың еденін жиі-жиі жуып, шаңын сулы шүберекпен сүртіңіз. 

Өзіңіз отырған орынжайдың ауасын ылғалдандырыңыз.   

С дәрумені бар азық-түліктерді көбірек пайдаланыңыз (мүкжидек, жалбыз, лимон және т.б.)
Сарымсақ пен пияз қосылған тамақтарды көбірек жеңіз. 

Дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттар мен дәрілерді қабылдаңыз. 

Отбасында немесе жұмыстағы ұжымда біреу тұмаумен ауырып қалған жағдайда вирусқа қарсы препараттарды профилактика ретінде қабылдаңыз (қарсы көрсетілімдерді есепке ала отырып, дәрігердің ұсынымы бойынша және препаратты қолдану нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз).

Салауатты өмір салтын сақтаңыз, ұйқыңызды қандырыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысыңыз. 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png